Тұрғымбаев Сәкен
Fleetbook компаниясының
директоры
«Төмен бағаның тәтті дәмі ұмытылған соң да, төмен сапаның ащы дәмі әлі ұзақ сақталады»
Джон Раскин

Сапа саласындағы Fleetbook саясаты

Біздің компанияның ұмтылатын басты құндылығы – бар ісіміздің жоғары сапалы болуы. Бұл бос сөздер емес, бұл біз оған күнделікті жүгінетін айқын басшылық. Біз сапалы тауарлар мен қызметтердің нәтижесінде әрқашан тұтынушылардың жүректері мен ақыл-ойларын жаулап алатынына сенеміз. Сапаға зиян келтіре отырып, төмен бағалар есебінен өсуге ұмтылу жолы ешқайда апармайды.

Біздің компания сапа саясатымыздың негізін құрайтын қағидаттарды әзірледі. Оларды атап көрсетейік:

  1. Тұтынушыларға уақытпен сыналған сапалы жабдықтарды ғана ұсыну.
  2. Ұсынылатын жабдықтардың сипаттамаларын, соның ішінде мүмкін болатын кемшіліктер мен пайдаланудағы шектеулерді шынайы түсіндіру.
  3. Сапалы жабдықтарды арзан сапасыз аналогтарымен алмастыру есебінен ендіру құнын төмендетпеу.
  4. Сырттан уақытша жұмыскерлерді қатыстырмай-ақ, барлық жұмыстарды өз мамандарымыздың күшімен орындау.
  5. Теориялық даярлықтан, машықтанудан өткен және емтиханды сәтті тапсырған мамандарды ғана жұмысқа жіберу.
  6. Жыл сайын мамандардың біліктілігін арттыруға байланысты іс-шаралар өткізу.
  7. Жабдықтарды жинақтау және ретке келтіру технологиясын қатаң сақтау.
  8. Датчиктерді калибрлеуді эталондық өлшеуіштермен жүргізу.
  9. Жинақтау жұмыстарын және сервистік жұмыстарды жүргізген соң бақылап құю жолымен жүйені ретке келтіру дәлдігін тексеру.

Тәжірибе көрсеткендей, біздің компания таңдаған стратегия клиенттерімізбен ұзақ мерзімді және өзара ұтымды қатынастар құруға мүмкіндік береді. Fleetbook өз клиенттерін мақтан етеді және олардың әр сәттілігіне қуанады. Олар неліктен сәтті? Себебі өз жұмысында көлікті тиімді пайдалану және одан бәсекелестік артықшылық алу мүмкіндігі бар!

Құрметпен,
Fleetbook компаниясының директоры

Тұрғымбаев Сәкен

Өтінімді толтыру

Жазылуға коммерциялық ұсыныс алу үшін өтінімді толтыру қажет.

    Жиі қойылатын сұрақтар

    Стандартты шартқа 12 ай мерзіммен қол қойылады. Тапсырыс беруші шартты мерзімінен бұрын бұза алады. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші бөлшектеуді жеке шотпен төлейді. 12 ай өткеннен кейін шарт автоматты түрде келесі 12 айға ұзартылады.
    Тапсырыс беруші қызметтер көрсетуді маусымдық тұрып қалу уақытына тоқтата алады. Мұндай жағдайда Тапсырыс берушіге хостинг және GPRS трафик қызметінсіз, тек жабдықты жалдау құны ғана есептеледі. Жалға алу құны таңдалған тарифке байланысты.
    Тапсырыс беруші кез келген уақыт кезеңінде жабдықты сатып ала алады. Жабдықты сатып алған кезде амортизация айына 1% мөлшерінде есептеледі. Мысалы: Сіз жабдықты жалға алып, 8 айдан кейін оны сатып алғыңыз келді делік. Fleetbook 8 ай үшін амортизацияны есептейді және жабдықты сату кезінде 8% жеңілдік береді.
    Жазылу типтік бір бакты және екі бакты көлік құралдарына, оның ішінде: жеңіл автомобильдерге, шағын автобустарға, автобустарға, аз тонналы жүк машиналарға, фуралар, өзі аударғыштарға, бактарының биіктігі 1000 мм аспайтын арнайы техникаға арналған. Жазылу генераторларға, бұрғылау станоктарына, отын құйғыштарға, бензин тасымалдаушыларға және бактарының биіктігі 1000 мм асатын арнайы техникаға қолданылмайды.