Қайырымдылық - FLEETBOOK

Қайырымдылық

Біз өз өмірімізді Отанымыз – Қазақстанмен байланыстырамыз. Біз балаларымыз бен немерелеріміздің бай және гүлденген елде өмір сүргенін қалаймыз. 21 ғасырда гүлдену білімге тікелей байланысты: ұлт неғұрлым ақылды болса, оның әлеуеті соғұрлым жоғары және мүмкіндіктері көп болады.

Сондықтан Fleetbook "Ұлы Дала ұландары"қайырымдылық қорын құрды.

Қордың миссиясы – Қазақстан жастары арасында жаратылыстану және нақты ғылымдарды насихаттау және танымал ету. Ол үшін біздің қор өңірлік мектептерге нақты және жаратылыстану ғылымдарының сыныптарын заманауи зертханалық жабдықтармен және құрал-жабдықтармен жабдықтауға көмектеседі. Қордың мақсаты – неғұрлым көп оқушының ғылымға қызығушылық оятып, физика, химия және математика саласында сапалы білім алуға көмектесу.

"Тарихта тұтас бір елдердердің өте қысқа мерзімде серпіліс жасаған көптеген мысалдары бар. Мысалы, Жапония мен Оңтүстік Кореяды алыңыз. Олардың прогресі жер қойнауының байлығымен және оларды пайдаланумен емес, жоғары технологиялардың дамуымен байланысты. Біздің балалардың басқа балалардан еш жері кем емес. Біз қолайлы орта құрсақ, онда өз ғалымдарымыз мен инженерлерімізді тәрбиелейтінімізге сенеміз." - дейді "Fleetbook" ЖШС директоры Тургумбаев Сәкен.

Іске асырылған жобалар

№ 10 Абай мектеп-гимназиясы Қарағанды облысы Абай ауданының үздік оқу орындарының бірі. Біздің «Ұлы Дала ұландары» қоры физика сыныбын заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықтауға көмектесті, оның ішінде

Ары қарай оқу

Өтінімді жіберу