Тіпті кәсіби ендіру орындалмаған ең жақсы жабдық пен сату сервисінің бекеті өзіңіздің көлігіңіз туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды.
Статистика бойынша, қандай да бір GPS жабдығын пайдаланатын компаниялардың 68%-ы жүйелерді пайдалану кезіндегі мәселерге тап болады.
Негізгі 2 мәселені анықтап көрсетейік:
Жүйе толық емес деректерді немесе оларды үлкен қателікпен береді.
Ақаулықтар туындаған кезде сервистік жұмыстар мен кепілдік бойынша жабдықты ауыстыруды күту мерзімі ұзақ.
Fleetbook сервисі өз клиенттерінің қамын ойлайды және өз қызметтерін барынша тез және сапалы көрсетуге тырысады. Осы мақсатта бізде оқытылған мамандардың жеке штаты бар және қажетті инфрақұрылымды дамытамыз. Біздің GPS жүйелерді енгізу бойынша тәжірибеміз 10 жылдан асады.
Осы уақыт ішінде біз орындалатын жұмыс сапасының жеке стандарттарын әзірледік және оларды қатаң ұстанамыз. Біздің стандарттарымыздың негізгі ережелерін атасақ:
Fleetbook құрастыру және сервистік жұмыстарды жүзеге асыру үшін тек өзінің арнайы оқытылған мамандарын ғана пайдаланады. Әрбір құрастырушы оқытудан және 3 айлық тағылымдамадан өтеді. Жұмысқа емтиханды сәтті тапсырған мамандар ғана жіберіледі.


Барлық жұмыстар қатаң түрде жабдықты өндіруші зауыттардың технологиялық карталары бойынша жүзеге асырылады. Жабдық қатаң түрде оларға арналып бөлінген орындарда орнатылады. Жабдықты бекіту орындары жүйенің жұмысқа қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін техногендік факторлардан және араласудан сенімді қорғалады. Қозғалтқыштың м/с мен айналымдарын дәл анықтау үшін генераторды қосамыз және калибрлейміз. Отын деңгейінің қадағалары жоғары дәлдіктегі сертификатталған өлшеуіштердің көмегімен калибрленеді.
3%-дан аспайтын қателікпен м/с мен отынды өлшеудің жоғары дәлдігіне кепілдік береміз.


Fleetbook сапалы және жедел сервис мақсатында сервистік орталықтар желісін үнемі дамытады және кеңейтеді. 10 жыл бойы біз сервистік автомобильдер паркін толықтырып, жаңартып келеміз. Жеке парк түрлі техникамен, оның ішінде өтімділігі мен жүк көтерілімділігі жоғары техникалармен толымдалған. Әрбір сервистік автомобиль сапалы құрастыру мен сервисті жүзеге асыру үшін қажетті барлық жабдықтармен және мүкәммалмен жабдықталған.
Бүгінгі күні сервистік орталықтар мына қалаларда бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Көкшетау, Жезқазған, Тараз.
Бұл бізге қысқа мерзімде Қазақстанның кез келген жеріне, тіпті ең алыс және жету қиын жерлерге шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Біздің операторлар тапсырыс берушінің техникасының ықтимал іркілістер мәніне мониторинг жүргізеді және қажет болған жағдайда ақауларды жою үшін сервистік бригада жібереді.
Клиенттердің кеңес беру көмегін алуға мүмкіндігі бар
Дс-Жм 9:00-ден 18:00-ге дейін
Сн 9:00-ден 15:00-ге дейін
