12
жыл осы салада
+750
клиент бүкіл Қазақстан бойынша
+10 000
қондырғысы GPS жүйесінің

Шешілетін міндеттер

1
Көліктің жұмысы туралы барлық ақпарат
Орналасқан жері, бағыты, жұмыс, бос тұру, бос жүріс және жүктемесіз тұру уақыты және жүріп өткен қашықтығы мен отынның жұмсалуынан бастап шанақтың көтеру мөлшеріне және рефрижератор температурасына және т.б. дейінгі басқа параметрлері.
2
Отынмен астыртын әрекеттер жасалмайды.
Жанар май құю бекеттерінде құйып алу, жекізбей құю, «көлденең» рейстер, тоқтап тұру
3
Қауіпсіздік техникасы
Жүйе жылдамдық режимін, кімнің белдікті тақпағанын және көлікті қауіпті тәсілмен жүргізетінін бақылайды.
4
Тұрақты бейнебақылау
Біз бейнені жазба түрінде немесе нақты уақытта көру үшін бейне жүйесін кабинада және автомобильдің сыртына орнатамыз.

Тиімді ұсыныс

Жеңіл көлік
  • Сатып алу:
  • Терминал ADM – 15 000 ₸
  • Орнату – тегін
  • Жиыны – 15 000 ₸
  • Абоненттік төлем – 2 000 ₸ / ай
  • 6 айға дейін бөліп төлеуге мүмкіндігі бар
  • Жалға алу:
  • Терминал+ОДҚ – 2 800 ₸ / ай
  • Орнату – 5 000 ₸
Аз тонналы жүк машина
  • Сатып алу:
  • Терминал Смарт – 29 000 ₸
  • FleetBook ОДҚ – 35 000 ₸
  • Орнату – 15 000 ₸
  • Жиыны – 79 000 ₸
  • Абоненттік төлем – 2 000 ₸ / ай
  • 6 айға дейін бөліп төлеуге мүмкіндігі бар
  • Жалға алу:
  • Терминал+ОДҚ – 4 600 ₸ / ай
  • Орнату – 15 000 ₸
Самосвал
  • Сатып алу:
  • Терминал Сигнал – 39 000 ₸
  • FleetBook ОДҚ – 35 000 ₸
  • Орнату – 15 000 ₸
  • Жиыны – 89 000 ₸
  • Абоненттік төлем – 2 000 ₸ / ай
  • 6 айға дейін бөліп төлеуге мүмкіндігі бар
  • Жалға алу:
  • Терминал+ОДҚ – 5 100 ₸ / ай
  • Орнату – 15 000 ₸
Бір бакті фура
  • Сатып алу:
  • Терминал Смарт – 29 000 ₸
  • FleetBook ОДҚ – 35 000 ₸
  • Орнату – 15 000 ₸
  • Жиыны – 79 000 ₸
  • Абоненттік төлем – 2 000 ₸ / ай
  • Роумингтегі абоненттік төлем – 4 700 ₸ / ай
  • 6 айға дейін бөліп төлеуге мүмкіндігі бар
  • Жалға алу:
  • Терминал+ОДҚ – 4 600 ₸ / ай
  • Орнату – 15 000 ₸
Екі бакті фура
  • Сатып алу:
  • Терминал Смарт – 29 000 ₸
  • 2 FleetBook ОДҚ – 70 000 ₸
  • Орнату – 20 000 ₸
  • Жиыны – 119 000 ₸
  • Абоненттік төлем – 2 000 ₸ / ай
  • Роумингтегі абоненттік төлем – 4 700 ₸ / ай
  • 6 айға дейін бөліп төлеуге мүмкіндігі бар
  • Жалға алу:
  • Терминал + 2 ОДҚ – 6 100 ₸ / ай
  • Орнату – 20 000 ₸

Бұл қалай жұмыс істейді?

Біз көлік құралына GPS трекер орнатамыз. Трекер көліктегі штаттық датчиктерге қосылады. Егер Сізді отынның жұмсалуы қызықтырса, біз бакқа отын деңгейінің датчигін орната аламыз. Трекер барлық қажетті ақпаратты ұялы байланыс арқылы серверге жібереді. Сіздің Интернет қосылған кез келген құрылғыдан серверге кіріп, керекті ақпаратты алуыңызға болады.

Көлік мониторингі жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және біздің компаниямыздың «Жазылым» сервисін қалай пайдалану керектігін білу үшін роликті немесе алғашқы таныстыруды жүктеңіз.

Сіз «Пайдалы ақпарат» сілтемесі бойынша көбірек ақпарат таба аласыз.

1 Компанияның тәжірибесі

Нарықта 12 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеміз. Осы уақыт ішінде 450 компания біздің клиентіміз атанды және 10 000 бірліктен астам техниканы жабдықтадық.

Компания туралы көбірек білу

2 Адал клиенттердің кең базасы

Нарықта болған жылдар ішінде біз көптеген клиенттер таптық. Қажет болса, біз сіздің өңірдегі клиенттеріміздің байланыс телефондарын бере аламыз, Сіз олардың біздің компаниямен жұмысы туралы пікірлерін біле аласыз.

Ірі жобалар мысалдары

  • BI group – Қазақстанның үздік құрылыс компаниясы
  • Қазфосфат - құрамында фосфоры бар өнім шығаратын ТМД-дағы ең ірі өндіруші
  • Защита УБА – ірі аграрлық кәсіпорын
  • Карцемент - Қазақстандағы ең ірі цемент өндіруші
  • Алтыналмас - алтын өндіру және қайта өңдеу бойынша ұлттық өнеркәсіптік компания
Клиенттердің толық тізімі

3 Баға-сапа ара қатысы бойынша оңтайлы жабдықтарды таңдау

Біреулер олардың кемшіліктері туралы біле тұра айтпай, ең арзан жабдықтарды ұсынады. Басқалары олардың арзанырақ аналогтары туралы біле тұра айтпай, қымбат жабдықтарды ұсынады. Біз ешкімнің де мүддесін жақтамаймыз, біз Сіздің мәселелеріңізді шешетін, баға-сапа ара қатысы бойынша керекті жабдықтарды таңдауға көмектесеміз.

Ұсынылатын жабдықтар туралы көбірек білу

4 Компанияның дамыған инфрақұрылымы

Компанияның сапалы және уақытында жинақтауды және сервисті қамтамасыз етуге жеткілікті ресурстары бар. Біздің мамандарымыз Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Талдықорған, Шымкент,Өскемен, Көкшетау, Жезқазған және Тараз қалаларында орналасқан.

Біздің компанияның сервисі туралы көбірек білу

5 Оқытылған мамандардың меншікті штаты

Жинақтау және сервис жұмыстарын жүзеге асыру үшін FleetBook арнайы оқытылған меншікті мамандарын ғана пайдаланады. Қызметкерлердің көпшілігінің компанияда 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар.

Біздің компанияның сервисі туралы көбірек білу

6 Оқыту және и техникалық қолдау

Жинақтаған соң клиенттің персоналы мониторинг жүйесін 100%-ға пайдалана алуы үшін, оны оқытамыз. Техникалық қолдау дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейді және клиентке әрдайым көмек көрсетуге дайын.

"Отын аналитикасы" тарифтік жоспарында біздің техникалық қолдау мамандары GPS жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін бақылап отырады, деректерге талдау жүргізеді және басшылыққа тұрақты түрде аналитикалық есептер дайындайды.

Біздің компанияның сервисі туралы көбірек білу

Ынтымақтастық түрлері

Тапсырыс берушілердің қалауы бойынша біз мынадай ынтымақтастық түрлерін ұсына аламыз:

1
Жабдықты сатып алу
Сіздің талаптарыңызға жауап беретін жабдықты таңдап береміз. Оларды орнатып береміз және қалай пайдалану керектігін үйретеміз.
2
Жалға алу
Сіздің жабдықты жалға алуыңызға болады. Егер Сіз мониторинг жүйесін қолданудың пайдасына сенімсіз болсаңыз – бұл осы жүйенің пайдасына көз жеткізу үшін жақсы бастама.
3
Бөліп төлеу
Сіз жабдықты 6 айға пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігімен орната аласыз.
4
Қызмет көрсетуге ауысу
Егер Сіз жабдықты орнатқан болсаңыз, бірақ Сіз көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз, онда Сіз біздің компаниямызға қызмет көрсетуге ауыса аласыз.

Кеңес сұрау

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз көлік құралына GPS трекерді орнатамыз. Трекер көлік құралының штаттық жабдығына қосылады, соның ішінде:
  1. Оталдыру кілтіне
  2. Генераторға
  3. Аспалы жабдыққа
  4. Борттық компьютерге

Егер Сізді отынның жұмсалуы қызықтырса, біз бакқа отын деңгейінің датчигін орната аламыз. Трекер барлық қажетті ақпаратты ұялы байланыс арқылы серверге жібереді. Сіздің Интернет қосылған кез келген құрылғыдан серверге кіріп, керекті ақпаратты алуыңызға болады.

Назар аударыныз! Берілетін ақпараттың көлемі мен дәлдігі жабдықтың іріктелуіне байланысты. Жабдықты таңдау үшін маманнан кеңес алған жөн.

Сіздің «Пайдалы ақпарат» бөлімінде GPS жүйесінің жалпы қағидасын жабдықты қалай таңдау керектігі және отынды өлшеудің жоғары дәлдігін қалай қамтамасыз ету керектігі туралы аса нақтырақ білуіңізге болады.

Жабдықты көлік құралының түріне, бактардың саны мен мөлшеріне, пайдалану шарттары мен шешілетін міндеттеріне байланысты таңдау қажет. Маманның кеңесін алған дұрыс .

Жабдық қорғау классы, өлшеу дәлдігі мен функционалдылығы бойынша ерекшеленеді.

Мысалы, терминалдар ішкі және сыртқы антенналарымен болады. Егер Сіз арнайы техниканы пайдалансаңыз және ішкі антенналары бар терминалды орнатсаңыз – сигналмен кідірістер болуы мүмкін.

Немесе Сізде XCMG қапталдық тиегіші бар және Сіз оны отын деңгейінің датчигімен жабдықтағыңыз келеді делік, бұл жағдайда 2 датчикті қиғаш орнатқан дұрыс, өйткені тиегіш багының пішіні геометриялық дұрыс емес. Егер Сіз тек 1 Датчикті жабдықтасаңыз, Сізде «Жалған» құйып алу мен толтыру көп болады.

Біздің сайтымыздың «Пайдалы ақпарат» бөлімінде терминалдар мен датчиктердің қандай болатыны және оларды қалай дұрыс таңдау керектігі оңай түсіндірілетін роликтер сериясы бар.

Жабдықтардың бағалары біздің бәсекелестеріміздің бағасынан жоғары емес, сонымен қатар біздің жабдықтарды, соның ішінде отын деңгейінің датчиктерін бөліп төлеуге сату және жалға беру мүмкіндігіміз бар. Біз тәуелсіз компаниямыз және ешкімнің де мүдделерін жақтамаймыз. Біз сол сәттегі баға/сапа ара қатысындағы аса өзекті шешімдерді ұсынамыз. Біз ұсынатын барлық жабдық сенімділігі мен функционалдылығына маңызды тестілеуден өтеді.

Біздің қызметтеріміздің бағасы сізді жағымды түрде таң қалдырады. Нарықта біздің қызметтеріміздің бағалары ең арзан емес. Бірақ біз орындалатын жұмыстардың жоғары сапасына кепілдік береміз. Біз барлық жұмыстарды өз мамандарымыздың күшімен орындаймыз. Әрбір маман кәсіптік оқудан өтеді. Біз отын деңгейінің датчиктерін жоғары дәлдікті өлшеу құралдарының көмегімен қолмен баптаймыз. Біз сапалы шығын материалы мен жинақтаушыларды пайдаланамыз.

FleetBook орындалатын жұмыстардың сапасын әр кезеңде бақылайды және рұқсат етілетін қателік шегінде техника жұмысының параметрлерін өлшеудің жоғары дәлдігіне кепілдік береді.

Жұмыстардың соңында біз міндетті түрде тапсырыс беруші өкілінің қатысуымен бақылау өлшемдерін жүзеге асырамыз.

Өз серверіміздің болуы, бізге жазылым қызметтерінің төмен бағаларын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Біздің сайттағы «Cервис» бөлімінде Сіз FleetBook сервисі қызметінің сапа стандарттарымен таныса аласыз.

Бөліп төлегенде тапсырыс беруші жабдықты сатып алады және әрі қарай оны өз қалауы бойынша пайдалана алады: қайта сату, басқа операторға қосу және т.б.

Жалға алғанда меншік құқығы Тапсырыс берушіге ауыспайды. Бірақ Тапсырыс беруші жабдықты кез келген уақытта қайтара алады немесе қалдық құны бойынша сатып алуына болады.

Егер сіздің техникаңыз жыл бойы жұмыс істеп тұрса және Сіз оның жақын болашақта жұмыс істейтініне сенімді болсаңыз, онда жабдықты бөліп сатып алу тиімдірек болады.

Егер Сіздің жұмысыңыз маусымдық сипатта болса немесе Сіз жалдамалы техникамен жұмыс жасасаңыз, онда жабдықты жалға алу тиімдірек болады.

Жалға алу және бөліп төлеу шарттары туралы сайттың сәйкес бөлімдерінен аса толығырақ білуге болады.

Егер оған техникалық мүмкіндік болса, ауысу мүмкін болады. Терминалдардың хаттамасы ашық болуы керек. Сіз өзіңізде бар жабдықтардың тізбесін бере аласыз, ал біздің мамандар бұл жабдықты қызмет көрсетуге алатынымызды не алмайтынымызды хабарлайды.

Біздің компанияға қызмет көрсетуге ауысу шарттары туралы ақпаратты сайттың сәйкес бөлімінен аса толығырақ біле аласыз.

Біздің сайттың «Клиенттер» бөлімінде біздің клиенттеріміз туралы толық ақпаратты алуыңызға болады, соның ішінде:
  1. Аса маңызды іске асырылған жобалардың сипаттамасы
  2. Пікірлер және ұсыныс хаттар
  3. Өңірлер бойынша қызмет көрсетілетін ұйымдардың тізбесі
  1. Шартқа отыру үшін Тапсырыс беруші деректемелерді, көлік құралдарының тізбесін және техниканың орналасқан жерін көрсетіп, ерікті нысанда Өтінім беруі қажет.
  2. Тапсырыс беруші жұмыс күні ішінде баға ұсынысын алады.
  3. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша Online немесе Тапсырыс берушінің аумағында алғашқы таныстыру өткізуге болады.
  4. Жабдықты жеткізу және жинақтау шарт жасалған және төлем жүргізілген күннен бастап 5 жұмыс күнін ішінде жүзеге асырылады.
  5. Жұмысты орындаған соң 3 күн ішінде шот-фактура және орындалған жұмыстар актісі жазылып беріледі.
  6. Орындалған жұмыстар актісінің түпнұсқасы есептік кезеңнен кейін 5 күн ішінде жіберіледі.